Елімізде орташа жалақы 275 мың теңгеден асты

Қазақстанда орташа жалақы 275 мың теңгеден асты. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

2022 жылдың наурызында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 275 438 мың теңгеге жетті.

Статистикаға сүйенсек, халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 143 246 теңгені құрады. Бұл өткен жылғы ақпанмен салыстырғанда 17,3%-ға жоғары.

Ал көрсетілген кезеңдегі нақты ақшалай кірістер 7,9%-ға өскен.