Ольга Шишигина басшы қызметіне тағайындалды

Сидней Олимпиадасының чемпионы, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Ольга Шишигина Қорғаныс министрлігінің Орталық спорт клубына басшы болып тағайындалды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

«Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов «Батыл тойтарыс – 2022» оқу-жаттығуын бақылау барысында Алматы және Жамбыл облыстарында орналасқан әскери бөлімдерді аралады. Ол жеке құрамға Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубына жаңа тағайындалған бастығын – еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы Ольга Шишигинаны таныстырды. Министр бұл тағайындау жоғары жетістіктерге ұмтылған армия спортшыларын айтарлықтай ынталандыратынына сенім білдірді»,– делінген хабарламада.