Басқару психологиясы пәнінің маңызы

Жалпы адам баласына бірлесе жұмыс істеуге қажеттілік пен мұқтаждық тән, бұл олардың іс-әрекетінің үйлесуін, келісуін және сол бірлескен іс-әрекетті басқаруды талап етеді. Бүгінгі таңда студенттерге болашақ мамандықтары бойынша жұмыс жасау барысында түрлі табыстарға қол жеткізу мақсатында университет қабырғасында «Басқару психологиясы» атты сабақ жүреді. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетініңқазақ филологиясы мамандығының 1-курс магистранты, сонымен қатар маман ретінде бұл сабақ бізге ауадай қажет деп білемін.

Жеке басыма бұл сабақтың берері көп болды. Себебі, ұжымда өзге адамдармен әрекет ету, басшымен қарым-қатынас құру, ұйымдағы дау-дамайлардың алдын-алу секілді сұрақтарда осы сабақтан алған білімім қол ұшын созды. Ұстазсынып жетекші ретінде алдыңда отырған отыз баланы басқарып, зейінін ашып, сабағыңа қызықтыра білу қиынның қиыны. Бұл қатарға ата-анамен жұмысты да қоссақ болады.

Семинар сабағы барысында Н.С.Ахтаеваның «Басқару психологиясы», Т.С.Кабоченконың «Психология управления», Э.К. Қалымбетованың «Басқару психологиясы» атты кітаптарын негізге алдық. Кітаптарда басқару іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымы, субъект психологиясы, басқару іс-әрекетіндегі реттеу, ойлау, алдын-алу процестері, іскерлік қарым-қатынас психологиясы, басшы тұлғасының кәсіби құзыреттілігі анықтауға арналған әдістемелер, сауалнамалар, қарастырылған.

Сабақта басқару психологиясының теориялық негіздері мен практикалық басқару әрекеттерін бір-бірімен сабақтастыра қарастырдық. Мәселен, дәрістерде түрлі тренигтер мен ойындар өткізіліп отырды. Әр студентке жеке-жеке жағдаяттар беріліп, ортаға салып, талқыладық. Топ-топқа бөлініп, дебат түрінде де дәрістеріміз өтті. Магистрдың өзіндік жұмыстарын да өте қызықты тақырыптар аясында ой өрбіттік. Әсіресе «Басқару іс-әрекетінің мәні мен маңызы» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде дәріскер-профессор Жубаназарова Назираш Сүлейменқызымен бірлесе отырып талқылаған жұмысымның пайдасы көп болды.

Қорытындылай келе, он бес аптаға созылған сабағымыздан көңілге түйгеніміз көп болды. Сөзсіз, өміріме де, қызметіме де қажет ұшаң-теңіз тәжірибе мен ақпарат алдым.

Шаизах Бибісара,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық Университетінің 1-курс магистранты;

Жубаназарова Н.С.,

психология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а.