Тоқаевқа қастандық жасамақ болған киллер елордада адвокат қызметін атқарған

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қастандық жасауға дайындалды деген күдікке ілінген азамат Нұр-Сұлтанда адвокат болып жұмыс істеген, деп хабарлайды Ozgeris.info порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Президент пен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қастандық жасамақ болған әлеуетті террористті ұстауға қатысты. Аты-жөні Аян Атығаев, үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап елордада заңгер болып жұмыс істейді, яғни лицензия алған.

Рас, ол туралы таныс заңгерлердің ешқайсысы естімеген. Оның шынымен де снайпер мылтығы болған, ол елге Шығыс Еуропаның бір республикасынан бөлшектеп әкелінген» деп жазды Telegram-каналдардың бірінде.