Италиядағы әуежай қызметкерлері Украинаға қару жіберуге наразылық білдірді

Фото: Карточный домик: Европа Telegram парақшасынан

Италияның Пиза қаласының тұрғындары мен жергілікті әуежай қызметкерлері гуманитарлық көмек желеуімен Украинаға қару-жарақ жеткізуге наразылық білдіруде. Бұл туралы la Repubblica басылымы хабарлады.

Италиялық жұмысшылар кәсіподағы өкілдерінің бірінің айтуынша, қақтығыс аймағына қару-жарақ жеткізу одан да шиеленісті ұрыс тудыруы мүмкін. Жергілікті кәсіподақ наразылық украиндық әскерилерге қару-жарақ жөнелтуге де, мемлекеттік қызметкерлер мен әуежай жұмысшыларының бұл операцияларға қатысуына да бағытталған деп санайды.

Кейбір белсенділер азаматтық ұшақтардың әскери жүктерді тасымалдауға пайдаланылатынына наразылықтарын білдірді. Сонымен қатар, Рим алаңдарының бірінде Украинаға қару-жарақ жөнелтілуіне және Италияның НАТО миссияларына қатысуына қарсы жаппай шерулер өтті.

Германияның Das Erste басылымы бұдан бұрын итальяндық туризм индустриясы ресейлік туристердің кетуіне байланысты қиындықтарға тап болып жатқанын жазған. 2019 жылы Италияға Ресейден 1,7 миллион тірист келіп, олар демалысқа 1 миллиард еуроға жуық ақша қалдырды. Бірақ Украинадағы оқиғаға байланысты мұндай көрсеткіштерге қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан туризм саласындағы көп компания шығынға ұшырауда.

ozgeris.info” порталы