YouTube Ресейдің мемлекеттік БАҚ арналарын бұғаттай бастады

YouTube видеохостингі мемлекет тарапынан қаржыландырылатын ресейлік БАҚ аккаунттарын бұғаттайтын болды, деп хабарлайды «ozgeris.info» «Zakon.kz»-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Twitter-дегі YoutubeInsider парақшасында жарияланған видеохостингі мәлімдемесінде айтылған.

«Қазір біз бүкіл әлемдегі Ресейдің мемлекеттік БАҚ-тарымен байланысты YouTube-тегі арналарды бұғаттап жатырмыз»-деген мәлімдемеде.

10 наурызда YouTube ресейлік пайдаланушылар үшін монетизация жүргізудің барлық мүмкіндіктерінің көзін жойды, оның ішінде Premium-ға жазылу, демеушілік, суперчат, суперстикерлер және «мерч» сияқты құралдар да бар. Бұл туралы ресейлік авторларға алдын ала ескерту жолданды. Хабарламада бұл өзгерістер Ресейден тыс көрермендерге қатысты болмайтындығы айтылған.

Бұған дейін YouTube платформасы «Төтенше жағдайлар» мен Украинадағы оқиғаларға байланысты Ресей пайдаланушылары үшін жарнама тетігіне қолжетімділікті жойды.

 

«ozgeris.info»