Оқушылар қоғамдық көлікте тегін қатынайды

Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларында оқушылар қоғамдық көлікте тегін қатынайды. Бұл туралы облыс басшысы Әбілқайыр Сқақов қоғамдық кеңестің отырысында айтты, деп хабарлайды ozgeris.info «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

«Бұған дейін олар жолақының жарты құнын төлеп келген еді. Тек мұқтаж отбасы балалары ғана тегін жүрді. Бастама облыстың аймақтарды дамыту жоспарына енген. Сөйтіп, 83 мың оқушыға бюджеттен қаржы бөлінді. Мұның сыртында, өңірде бастауыш сынып оқушылары үшін тамақ та тегін»,– делінген хабарламада.