Астанада қызға шабуыл жасаған күдіктінің әрекеті видеоға түсіп қалды

зорлық
Фото: YENİ.MOBİ

Астанада түнде қызға жасалған шабуыл видеоға түсіп қалды. Кадрларда ол айғайлап, өзін ұстап тұрған ер адамнан қашып құтылмақ болған, — деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Әлеуметтік желідегі видео қазақстандықтардың наразылығын тудырды. Бейтаныс ер адам қызды ұстап алып, оны бір жаққа қарай сүйреп, күшпен ұстамақ болған. Ал мұны тағы бірнеше ер адам жайбарақат бақылап тұрған.

https://www.instagram.com/p/C8izRmTJOkF/

Астана полиция департаменті хабарлауынша, ер адам қызды есірткі сатушы деп ойлаған. Ол оны тәртіп сақшылары келгенше ұстап тұрмақ болған.

«Көгалдан бірдеңе іздеген бойжеткеннің әрекеті үй тұрғындарының назарын аударды, бей-жай қарамаған тұрғындар полиция келгенге дейін оны ұстап тұрмақ болған. Қазір тергеу жүріп жатыр, оның қорытындысы бойынша шешім қабылданады», — деп хабарлады ведомствода.