Президент Айдос Садықовқа жасалған қастандыққа қатысты тергеу амалдарын бақылап отыр — Берік Уали

Айдос Садықовтың көлігі
Фото: Украина бас прокурорының кеңсесі
Мемлекет басшысы Киевте Қазақстан азаматы Айдос Садықовқа жасалған қастандыққа қатысты тергеу амалдарын жіті бақылап отыр, деп хабарлайды Ozgeris.Info Президенттің кеңесшісіне сілтеме жасап.
Президенттің тапсырмасына сәйкес Қазақстанның құқық қорғау органдары қылмыстық істің мән-жайын анықтау үшін шұғыл шаралар жүргізіп жатыр. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына күдіктілердің қазіргі мекенжайын анықтап, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Қазақстан тарапы Украинаның құқық қорғау құрылымдарымен, оның ішінде Интерпол жүйесі бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайын.