Рекорд жаңарды: Ауылдың баласы ҰБТ-да ең жоғары балл жинады

Ұлттық бірыңғай тестілеуде жаңа рекорд орнатылды, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Алматы облысы, Талғар ауданы, Қарабұлақ ауылының №22 жалпы білім беретін орта мектебі түлегі Еңсебек Жаннұр барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, ең жоғары балл жинады.

Айта кетейік, оның алдында жаңаөзендік Абзал Оңғарбаев 139 балл жинап, ең үздік нәтиже көрсеткен болатын.