Қарсы жолаққа шығып кетті: Алматы облысында жүк көлігі балаларды қағып кетті — бір бала қайтыс болды

Байсерке ауылында адам өліміне әкелген оқыс оқиға болды. Полицейлердің айтуынша, жүк көлігі қарсы жолға шығып кеткен, сол кезде 12 және 14 жастағы екі апалы-сіңлілі жолдан өтіп бара жатқан. Қыздардың ең кішісі оқиға орнында көз жұмды.

«Бейсерке көшелерінің бірінде 46 жастағы жүргізуші қарсы жолға шығып кетіп, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншілерді қағып кетті», — деп хабарлады Алматы облысының жол полициясы.

Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасынан кейін тергеу жүріп жатыр.