12 жыл таяқ жеген 5 баласы бар ананы күйеуі 2 жылға соттатпақшы.

Тараздық 33 жастағы 5 баланың анасы күйеуінен 12 жыл таяқ жегенін айтты. 

Соңғы рет ер адам  әйелді анасымен қоса ұрған көрінеді. Сол кезде  көпбалалы ана арызданып, экс-күйеуі 10 күнге қамалған. Қамаудан босаған сәтте «меннен өш алуға кірісті» дейді әйел.

«11 жасар қызымызбен телефон арқылы 5 күндей тоқтамай сөйлесті. Жай кезде балаларынан хабар да алмайтын. Балаларына нанға ақша бермейтін еді. Енді қызыма бәрін үйретіп, полицияға «нағашы әжем мен анам ұрды» дегізіп арыз жаздыруда. Енді 141-ші статья іске қосылды, мені және анамды 2 жылға соттататын түрі бар. Тоқаев мырза, маған көмектесіңізші, 5 баламнан айырмаңыздар»,-деп жылады келіншек.