Алматыда жер сілкінісі сезілді

Фото: Ulysmedia.kz

Алматыда 2 балл жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

ТЖМ мәліметінше, 20 маусымда сағат 16.36-да жер сілкінісі тіркелген.

Жер сілкінісінің ошағы Қытай мен Қырғызстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 335 шақырым жерде орналасқан.