«Екі қызым жылап қалды»: Жұлдыз Әбдікәрімова ауруханаға жылдам жеткізілген

Отандық актриса, продюсер Жұлдыз Әбдікәрімова денсаулығы сыр беріп ауруханаға түсіп қалды, деп жазады ozgeris.info

“Балаларым қорқып қалмасын деп уайымдадым. Таң намазының уақыты еді. Солқылдап тұрған басымды әрең көтердім. Айнаға қарасам, көзім кіртиіп, бетім бозарып тұрды. Әдеттегідей қатты шаршаған болармын. Ұйқының ақысын берсем, жазылармын дедім. Таңғы 9-ды күтіп, жұмысқа хабарластым. Сол күнгі кездесу, түсірілімдердің барлығын кейінге шегеруді тапсырдым да қайта жатып қалдым. Бірақ ұйықтай алмадым. Қос қолдап басымды құшақтап жата бердім. Балаларым кезек-кезек бөлмеге кіріп, менің күйімнен шошып кетті. Сезім мен Алау маған көрсетпей, бөлмелеріне барып жылап алған. Нарұл үлкен жігіт болып, дәрігер іздеп, дәрі беріп, айналасына хабарласып жатты. Хан жанымнан шықпай қойды. Түн ортасына дейін алыстым. Бас ауырғаны күшейе берді”, – деп бастады әңгімесін актриса.

Айтуынша, балалары үшін ауруханада толық жатпай, күндізгі бөлімге алмасып кеткенін айтты.