АҚШ, Канада, Жапония және ЕО Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуде

Бірнеше ел Ресейге қарсы санкцияларды күшейтіп жатыр, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

Еуропалық Одақ ресейлік әуе компанияларына барлық ұшақ пен жабдықты сатуға тыйым салады. Сондай-ақ энергетика саласына қарсы санкциялар, қаржылық және визалық шектеулер енгізеді. Бұл туралы Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Лейен мәлімдеді.

Ал Канада Орталық банкке және бірнеше ресейлік қаржы институттарына қарсы санкциялар салды. Атап айтсақ, Сбербанк, ВТБ, Откритие, Совкомбанк, Альфа-Банк.

Жапония жаңа санкциялар пакеті аясында кейбір ресейліккке виза беруді, ресейлік қаржы институттарының активтерін тоқтатып, бірқатар тауардың экспортын шектейді.

АҚШ президенті Джо Байден Ресейдің бірнеше банкіне қарсы санкциялар енгізілгенін жариялады.

«Жаңа шектеулер Ресейдің ғарыштық бағдарламасына да әсер етеді, ал жоғары технологиялар экспортына соққы Ресей экономикасының дамуын, оның ішінде армияның модернизациясын бәсеңдетуі керек»,– деді ол.