«Әйелдер көшбасшылығы – гүлденген мемлекеттің негізі» атты дөңгелек үстел өтеді

М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің қолдауымен «Әйелдер көшбасшылығы –  гүлденген мемлекеттің негізі» атты дөңгелек үстел өтеді.

Шараға мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпустың, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, ЖОО өкілдері мен студенттері, БАҚ өкілдері қатысады.

«Дөңгелек үстел шеңберінде әйелдердің өз әлеуетін іске асыруына қандай тосқауылдар мен кедергі келтіретінін және мемлекеттің тұрақты дамуы мен әл-ауқатына қол жеткізу, өңірлік және жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті ілгерілету мақсатында әйелдер көшбасшылығына жәрдемдесу үшін қандай шешімдерді ұсынуға болатынын талқылауға шақырамыз»,– делінген хабарламада.