Алматы маңында жер сілкінісі орын алды

Алматы маңында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ozgeris.info ақпаратты мегаполистің ТЖД баспасөз қызметі растады.

15 маусымда, Астана уақыты бойынша сағат 18:24-те жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің координаттары: 43,700 солтүстік ендік, 76,666 шығыс бойлық.

«Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматыдан солтүстік-батысқа қарай 58 шақырым жерде орналасқан. Есептік қарқындылығы (баллмен) — сезілмейді», — деп хабарлады Алматы ТЖД.