Павлодар қаласынба нан сататын дүңгіршікте егеуқұйрықтар өріп жүр

4 маусымда Павлодар қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына Назарбаев көшесі бойында тұрған «Тандырный дворик» дүңгіршегіндегі нан-тоқаш өнімдерінің үстінен егеуқұйрық жүгіріп жүргені туралы шағым түсті, – деп хабарлайды ozgeris.info.

Рavlodarnews.kz жазғандай, басқарма қызметкерлері жоспардан тыс тексеріс үшін кәсіпкерлік нысанға барды.

«Тамақ өнімдерін сақтау және өткізу кезінде санитарлық нормалардың бұзылуы анықталды», –  деп хабарлады басқарма.

Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы  1-бөлігіне және 463-бабы 1-бөлігіне сәйкес жеке кәсіпкерге қатысты шаралар қабылданды.