Кәрім Мәсімовке рақымшылық жасау мәселесін кім қарайды

Мәсімов
Фото: ашық дереккөзден

БАҚ өкілдері Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Назгүл Рахметуллинадан Мәсімовтің рақымшылығын кім қарайтыны жөнінде сұрады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ол Кәрім Мәсімовке қатысты ешқандай іс жоғарғы сотқа түспегенін айтты.

«Бүгінгі таңда Кәрім Мәсімовке қатысты ешқандай іс жоғарғы сотқа түскен жоқ. Рақымшылықты Жоғарғы сот шешпейді», – деді ол.

Айта кетейік, мемлекетке опасыздық жасағаны және билікті басып алуға тырысқаны үшін сотталған ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов кешірім жасау туралы өтініш білдіргені хабарланған еді.