«Қарызсыз қоғам» жобасына қалай қалай қатысуға болады?

карызсыз когам
Фото: inbusiness.kz

«Қарызсыз қоғам» – халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған «AMANAT» партиясы мен Halyk Bank-тің бірлескен бастамасы. Аталған жоба халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға, болашақта ел экономикасын қалыптастыратын халықтың, жас ұрпақтың қаржылық біліктілігін арттыруға бағытталған.

«Қарызсыз қоғам» курсы не туралы?

Әлеуметтік жоба азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған қаржылық сауаттылық және жеке консультациялар бойынша сабақтар кешені.

Әлеуметтік жоба алғаш рет 2023 жылы бірінші легін жіберіп, еліміздің 8 өңірін қамтыды.

Жобаға қалай қатысуға болады? Оның 2 түрлі жолы бар:

  1. «AMANAT» партиясының аудандық филиалына хабаласу қажет.
  2. kz ресми сайты арқылы.

 «Қарызсыз қоғам» ресми сайты арқылы жобаға қалай тіркелуге болады?

  1. kz сайтына кіріңіз.
  2. Бас бетте «қатысу» батырмасын басыңыз.
  3. «Оқуға тіркелу» атты сауалнаманы толтырыңыз.
  4. Өзіңіз жайлы ақпаратты толтырыңыз.
  5. «Өтінімді жіберу» батырмасын басыңыз.
  6. «Өтініш үшін рахмет» атты терезе шығады, жабу батырмасын басыңыз.
  7. Сіз «Қарызсыз қоғам» жобасына сәтті жазылдыңыз.

Айта кетейік, жоба аясындағы сабақтар тек офлайн форматта өтеді, ұзақтығы 5 күн. Сабаққа қатысу құны тегін, 18 жастан бастап барлық азаматтар қатыса алады. «Қарсызсыз қоғам» жобасы несие бойынша берешегі бар, барышкерлер тізімінде тұрған, несиесін уақытында төлемеген азаматтарды қолдауға бағытталған.