Алматыда автобуста ер адам жолаушыларды пышақпен қорқытты

Алматыда ер адам жолаушыларды пышақпен қорқытты.

Куәгердің айтуынша, оқиға 30 тамыз күні №135 автобуста болған. Ер адам басқа жолаушымен төбелесіп, пышағын суырып алып, адамдарды қорқыта бастаған. Автобус жолаушылары болған оқиғадан қатты шошынған. Олар жүргізушіге есікті аш деп айқайлайды. Аялдамаға келгенде ер адам қоғамдық көліктен түсіп қалған.

Алматы қалалық полиция департаменті бұл факті бойынша Әуезов ауданының полиция бөлімі тексеріп жатқанын хабарлады.

«Оқиғаға қатысы бар тұлға анықталды, оны ұстау шаралары жүргізілуде. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам Психикалық денсаулық орталығында есепте тұрады. Оның әрекетіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі» — деді Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.