Ресей Қазақстандағы ЖЭО құрылысын 2025 жылға қалдырды

ЖЭС
Фото: www.techcult.ru

Ресейде Қазақстан аумағында жылу электр орталықтарының құрылысы 2025 жылдан ерте басталмайтынын мәлімдеді.

«Құрылысты 2025 жылы бастауды болжап отырмыз. Біз — келісімшарт бойынша жабдықтарды жеткізуші және құрылысты қадағалауды жүзеге асырамыз, мердігер болып табылмаймыз. Ресейлік жабдықтарды, оның ішінде ӨТЗ жеткізуге тырысамыз «, — деді Переток.ру.

Еске сала кетейік, Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Көкшетаудағы ЖЭО құрылысының басталуы 2024 жылдың жазында басталуы мүмкін деп мәлімдеген болатын. Ол тараптар бұл мәселеде үлкен прогреске қол жеткізгенін айтты. Бұған дейін Қазақстан үкіметінде ҚР мен РФ арасында Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында көмір жылу электр орталықтарын салу жобалары туралы келісімге қол қойылған болатын.

Қазақстаннан — тапсырыс беруші функциясын жүзеге асыратын «Самұрық-Энерго» АҚ. Ресейден — бас мердігер функциясын жүзеге асыратын «Интер РАО» компаниялар тобына кіретін «ИНТЕР РАО — Экспорт» ЖШҚ.

Өткен жылы Қазақстанда жаңа ЖЭО құрылысымен путиндік «санкциялық» олигархтардың компаниясы айналысатыны белгілі болды. «Интер РАО» Путиннің достарына, олигархтар Борис Ковальчук пен Игорь Сечинге тиесілі. Екеуі де Ресейдің Украинаға толық көлемде әскери басып кіруіне байланысты халықаралық санкцияларда.