Алматы метросындағы ұрлық: сотқа дейінгі тергеу басталды

метро
Фото: gov.kz

Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау прокуратураның қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының бюджет қаражатын жұмсау кезіндегі заң бұзушылықтарды қадағалау органы анықтауды жалғастыруда. Осылайша, соңғы талдау көрсеткендей, «Метрополитен» КМК қызметкерлері локомотивтерге арналған бастапқы резеңке серіппелерді 137 миллион теңгеге көтерілген бағамен сатып алған.

Бұл тұжырымды Метрополитеннің аудиторлық есебі де растады, осыған байланысты көлік прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді, оны қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізіп жатыр.

Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат таратуға жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес әркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi тәртіппен дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кінәсіз болып саналады.