Терезеден құлап кеткен: Ақтөбеде 5 жасар бала қаза тапты

бала
Фото: depositphotos.com

Ақтөбеде бес жасар бала жетінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Бала өз бөлмесінде ойнап, абайсызда көп қабатты үйдің жетінші қабатының терезесінен құлап кетті. Жазатайым оқиға салдарынан бала дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды «, — делінген хабарламада.

Жыл басынан бері өңірде жеті кәмелетке толмаған бала терезеден құлап, біреуі қаза тапты.