16 наурызда жаңа саяси реформалар қабылданады

Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда саяси реформалар пакетін жариялайды, деп хабарлайды ozgeris.info порталы. 
«Мен 16 наурызда саяси реформалардың жаңа бағдарламасын ұсынамын. Қазір партиялар арасында бәсеке күшейе түсуде. Осы орайда біз партиямыздың басты саяси күш ретіндегі рөлін сақтауымыз қажет. Бұл өте маңызды міндет», — деді Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII съезінде.
Ozgeris.info порталы