Кентаулық оқушы ҰБТ-да ең жоғары балл жинады

Кентаулық талапкер Айдос Қожанов Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп, еліміз бойынша ең жоғары балл жинады, деп хабарлады Түркістан облысының әкімдігі.

Жігіт 138 балл жинай алды — бұл көрсеткіш әзірге ел бойынша ең жоғары (ең жоғары балл — 140 — ред.). Айдос 10 жыл Юрий Гагарин атындағы № 16 мектеп-лицейде оқыды, 11 сыныпта «Грант» мектебіне көшті. Жас жігіт болашақта математика мұғалімі болғысы келеді.