Абай облысының 30 жасар тұрғынын өлтіруге күдікті әйел ұсталды

«30 жастағы қыздың жоғалу жағдайы анықталды. Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті әйел тұтқындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды «, — деп хабарлады Абай облысы ДП бастығының орынбасары Елдос Закимов.

Естеріңізге сала кетейік, 2 маусымда Бородулиха ауданының полициясына Аул станциясының 59 жастағы тұрғыны хабарласқан болатын. Оның айтуынша, қызы 26 мамырда жол-жөнекей Семейге кетіп, жоғалып кеткен. Кейін жоғалған адамның денесі табылды.