Ресей Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы Алматыға келді

Қазақстанның Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысу үшін Алматыға келген ресейлік әріптесі Андрей Белоусовпен кездесті.

Генерал-полковник Руслан Жақсылықов Андрей Белоусовты Қазақстанға қорғаныс министрі лауазымына алғашқы сапары тағайындалуымен құттықтады.

«Тараптар екі жақты әскери ынтымақтастықтың өзекті аспектілерін талқылап, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберіндегі оқу-жаттығуларды қоса алғанда, кадрлар даярлау және бірлескен іс-шаралар өткізу мәселелерін қозғады. Сондай-ақ өңірлік ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл туралы әңгіме болды: 2024 жылы Қазақстан ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ға, ал Ресей ТМД-ға төрағалық етеді. Тараптар мемлекетаралық бірлестіктердегі ынтымақтастық өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. Оны іс жүзінде іске асыру көпжақты оқу-жаттығулар шеңберінде де жүзеге асырылады. «, — делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Руслан Жақсылықов сұхбаттасын шілде айында Қазақстанның батысында «Бірлік» оқу-жаттығуының өткізілуі туралы хабардар етті. Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан әскери контингенттері қарулы қақтығысты оқшаулауға және заңсыз құралымдарға қарсы іс-қимылға байланысты оқу-жауынгерлік міндеттерді бірлесіп пысықтайды.