Қазақстанның оқушылары Америкада өткен ғылыми байқаудың жүлделерін жеңіп алды

Қазақстаннан үш оқушы Америкаға барып, сенсация жасап, ең ірі ғылыми-инженерлік байқаудың алғашқы 3 жүлдесін жеңіп алды!

Абилмансур Рахметуллаев, Саяжан Жақсығалиева және Әлихан Жарболов Лос-Анджелесте өткен Regeneron ISEF — 2024 ірі ғылыми-инженерлік байқауына қатысып, Қазақстанды таныстырды. Байқауды «Mawhiba» қоры, Король Абдул-Азиз өткізеді.
13-18 жас аралығындағы оқушылардың ғылыми және инженерлік жетістіктерінің дүниежүзілік байқау-конкурсы. Ол жас ғалымдарды анықтауға және қолдауға, қолданбалы және іргелі ғылымдар саласындағы зерттеулерді дамытуға бағытталған. Байқауға 70-тен астам елден барлығы 2 000 оқушы қатысты!

Біздің оқушылар түрлі санаттар бойынша үздік деп танылып, жобадағы еңбегін тану дипломына ие болды.
Әсіресе, Саяжанды атап өткім келеді, ол ғылыми жобаны ұсынды, оның идеясын мұғалімі Асылхан Жұмат ұсынып, табиғи полисорбент диатомитті суды ауыр металдардан тазарту үшін пайдалануды ұсынды.