Тоқаев Әзербайжан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Ильхам Әлиевті және әзірбайжан халқын ұлттық мереке — Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Ильхам Әлиевке жалпыұлттық көшбасшы ретінде одан әрі табыс, ал бауырлас әзірбайжан халқына бейбітшілік, бақ-береке және прогресс тіледі.