Астанада су тасқынына байланысты даңғыл жабылды

Керей-Жәнібек хандар көшесінен бастап Ұлы Дала даңғылына дейінгі Тұран даңғылының учаскесі көлік қозғалысы үшін уақытша жабылды. Бұл жаңбыр суы мен кәріз қалдықтарын жинайтын қалалық коллектордың жұмысын қалпына келтіруге байланысты.

Жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін Nº 26, 27, 40, 42, 49, 84 бағыттарының қозғалыс сызбасын уақытша өзгертуге тура келді. Өзгертілген қозғалыс схемасымен суретте танысуға болады.