Маңғыстаудағы түлектердің жаппай төбелесі: полиция 47 адамды ұстады

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Боранқұл ауылында түлектер арасында дау-дамай орын алды, деп хабарлайды Lada.kz.

Әлеуметтік желілерде пайда болған бейнеге қарағанда, ұрысқа ондаған түлек қатысқан. Олардың кейбіреулері тас лақтырды.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ұрысқа қатысқан 47 кәмелетке толмаған адам ұсталып, полицияға жеткізілді.

«Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды», — деп хабарлады полиция.

Назар аударыңыз, бейнеде әдепсіз сөздер бар!