Жалғас Жұмағұлов Америкада грэпплингтен жеңімпаз атанды

Жалгас Жумагулов
Фото: Instagram/naiza.mma

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов Америкада грэпплингтен NAGA турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

UFC тұжырымының экс-спортшысы Жалғас Жұмағұлов АҚШ-та оқу жаттығу жиынын өткізіп жүріп, грэпплингтен NAGA турнирінде өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды. 70-75 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен  отандасымыз финалда америкалық Рэймонд Пэйджден басым түсті. Осылайша Жалғас Жұмағұлов грэпплингтен Солтүстік америкалық грэпплинг қауымдастығының (NAGA) чемпионы атанды.

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов соңғы екі жекпе-жегін Naiza тұжырымында өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен еді. Осы жеңістен кейін отандасымыз қайтадан UFC-ге оралуы мүмкін екендігін айтты.