Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы халықаралық Жәутіков олимпиадасында күміс медаль алды

Нұр-Сұлтан қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Абузер Әбуов халықаралық Жәутіков олимпиадасында күміс медаль иеленді, деп хабарлайды «ozgeris.info».

Бұл туралы жеңімпаз оқушының ұстазы, математика пәні мұғалімі, математика ғылымдарының магистрі Мәуіт Рысбек инстаграм прақшасында жазды.

— Жақын арада менің бұрынғы керемет шәкірттерімнің бірі НУ-нің студенті Бақдәурен Нарбаев пен  Абузер Әбуов үшеуіміздің математика олимпиадасына дайындыққа арналған тағы бір тамаша кітабымыз жарық көреді. Шәкірттерімді олимпиадаға дайындаумен қатар шығармашылық жұмысқа да тартып келемін. Бақдәурен де 11-сынып оқып жүргенде математикадан аудандық олимпиадалар жинағын шығарған едік, — деп жазды ол.

 

«ozgeris.info»