Қазақстан тұрмыстық техниканы Қытай және Оңтүстік Кореямен бірлесіп шығарады

Қытай және Оңтүстік Корея компанияларымен бірлесіп, Саран қаласында тұрмыстық техника шығарамыз. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.

2025 жылға қарай тұрмыстық техника өндірісін 360 мың данаға дейін (Silk Road Electronics – 301 470, Almaty turmystyq tehnika зауыты – 60 мың), 160 мың жеңіл автокөлік («СарыаркаАвтоПром» ЖШС – 110 мың және Hyundai Trans Kazakhstan ЖШС – 50 мың автокөлік), теміржол машина жасау тауарлары: 100 жолаушылар вагоны (ЗИКСТО), 120 локомотив (Электровоз курастыру зауыты – 44 дана, Локомотив курастыру зауыты – 90 дана), 500 дана платформа (ЗИКСТО), 1,5 мың жартылай вагон (КВК) ұлғайту жоспарланып отыр, — деді Қанат Шарлапаев Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Ведомство басшысы Қарағанды облысында тұрмыстық техника өндірелетінін де атап өтті.

«Тұрмыстық техника өндірісін қытайлық HTC Corporation компаниясы және Оңтүстік Кореяның Samsung Electronics компаниясы сияқты жаңа инвесторларды тарту арқылы (12 млрд теңге инвестиция, қуаттылығы 400 мың техникаға дейін) Саран қаласындағы Silk Road Electronics ЖШС жұмыс істеп тұрған кәсіпорын базасын ұлғайту жұмысы жүргізіп жатыр», — деді министр.