ЛГБТ өкілдері тәубеге келмесе, олардың жаназасы оқылмайды — Діни басқарма

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы ЛГБТ-ға қатысты шыққан үкімін ресми сайтында жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info порталы. 
ҚМДБ үкімі:
  1. Лесбиян, гей, бисексуал мен трансгендердің іс-әрекеттерінің шариғаттағы үкімі – харам. Бұл – адам баласының жаратылысына қайшы келетін арсыздық.
  2. Кімде-кім өз жаратылысына қарсы шығып, жынысын ауыстырса, оның ашық адасқаны әрі ондай адам Алланың қарғысына ұшырайды. Мұндай адам шынайы тәубе етіп, емделуі қажет.
  3. Егер тәубе етіп, арсыз әрекетінен бас тартпаса, оның жаназасы оқылмайды және ақыреттегі жазасы өте ауыр болады.