Тоқаев ҚХР Қорғаныс министрімен кездесті

Президент Қазақстанға ресми сапармен келген министр Дун Цзюньді қарсы алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытайдың өңірлік және халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелері бойынша көзқарастары ұқсас екенін атап өтті.

«Біз Қытайдың жаһандық даму, жаһандық қауіпсіздік және жаһандық өркениет бастамаларын жоғары бағалаймыз және қолдаймыз. Олар халықаралық қауіпсіздіктің заманауи архитектурасын нығайтуға оң үлес қосады деп санаймын «, — деді Мемлекет басшысы.

ҚХР Қорғаныс министрі ҚР президентіне алғыс айтып, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кеңесіне дайындықтың жоғары деңгейін атап өтті.