Алматыда балаларына алимент төлеуден 7 жыл жалтарған әке ұсталды

Алматы қаласының полицейлері 7 жыл бойы балаларына алимент төлеуден жалтарған қала тұрғынын ұстады.

Бұл ретте ер адам алимент төлеу туралы сот шешімін елемеген.

Балаларына алимент бойынша қарыз көлемі бүгінге дейін 6 миллион теңгеден асты. Біздің бөлімше қызметкерлері ер адамды ұстады және өз құзыретіне сәйкес, қарызды өндіру туралы сот шешімін одан әрі орындау үшін жеке сот орындаушысына берілді, – деді Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының басшысы Асхат Бутунчинов.

Фото: polisia.kz