Еуразиялық банк 100 миллион ағаш отырғызу жөніндегі жаһандық бастамаға қосылды

Қазақстаннан бірінші серіктес Mastercard жаһандық «Бағасыз планета» коалициясына қосылды.

Mastercard-пен экожобалардағы үш жылдық ынтымақтастықтан кейін Еуразиялық банк «Бағасыз планета» халықаралық коалициясына кіру туралы хатқа қол қойды. Бұл планетаны жасылдандыру арқылы климаттың өзгеруімен және қоршаған ортамен күресуге бағытталған халықаралық төлем жүйесінің, Conservation International және Дүниежүзілік ресурстар институтының жаһандық бастамасы.

Коалицияға қосылу белгісі ретінде Алматының қақ ортасындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің жанындағы саябаққа 30 қызғылт каштан ағашы отырғызылды.