Отбасы банк: қазақстандықтар 25 сәуірден бастап «Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысуға өтініш бере алады.

Қазақстандықтар ағымдағы жылдың 25 сәуірінен бастап «Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысуға өтініш бере алады, деп хабарлайды «Отбасы банк».

Өтініш беру мерзімі екі айға созылады – 30 маусымды қоса алғанда.

Бағдарламаны ертерек іске қосу туралы шешім мамыр айындағы мерекелерге байланысты қабылданды.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші жылы ипотеканы қаржыландыруға 300 миллиард теңге, ал келесі жылдары әрқайсысына 200 миллиард теңге бөлінеді. Ақша сегіз жыл ішінде 1,7 триллион теңге сомасында облигациялық несиелер шығару арқылы тартылады.