Өскемен қаласында құны 4.8 млрд тг шамдар қайда?

Өткен жылы Шығыс Қазақстан облысындағы қалалардағы көшелерді жарықтандыруды қайта жаңғырту және дамыту жобасы аяқталды. Алайда, келешегі зор бастама толық жүзеге аспады.

Жоба аясында жарық орнатуға 4,8 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінді, оның 3,6 миллиарды еуропалық банктің несиесі болса, 1,2 миллиарды облыстық бюджеттен. Бағдарламаның операторы ШҚО әкімдігі жанындағы Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы (МЖӘ) болды.

Кейбір БАҚ мәліметтеріне қарағанда, еуропалық несие алғаннан кейін Өскемендегі 16 мыңнан астам жарық қала меншігінен МЖӘ орталығының меншігіне өткен. Алайда оларды орнату үшін облыс әкімінің рұқсаты болмағандықтан, МЖӘ орталығы шамдарды орната алмады. Жоба негізіне қарасақ, жоба 2023 жылы біту керек болатын. Бірақ бұл жарық әліде жоқ. Антикор қызметкерлерінен бұл іске көз жүгертулерін сұраймыз. -деп шағымданады жергілікті тұрғындар.