«Әділдік және Өркендеу» ҚҚ Қостанай өңіріне қаржылай және гуманитарлық көмек көрсетті

«Әділдік және Өркендеу» ҚҚ Қостанай өңіріндегі белсенділері зардап шеккен ауылға моторлы қайық жіберіп, қаржылай көмек көрсетті.

«Қостанай таңы» газетінің бас директоры Кенжеш Оразғалиқызы бізге хабарласып, Торғай өлкесіне қолдау көрсету туралы ұсыныс жасады. Мұнда күрек, қапшық, маңдайға тағатын шамдар мен резеңке етік тапшылығы байқалады. Біз бұл ұсынысты қолдап, қаражат жинай бастадық. Нәтижесінде зардап шеккендерге құны жарты миллион теңгені құраған гуманитарлық көмек жібердік. Тәуіш ауылына қажет болған қапшықтар, тұрмыстық заттарды сатып алып, жүк көлігімен жөнелттік. Сондай-ақ қаржылай 400 мың теңге жібердік», – деді белсенді.

«Бізге АҚШ-тағы Денвер қаласының тұрғындары хабарласты. Олар біраз қаражат жіберді. Біз де өз ақшамызды қосып, сапасы жақсы моторлы қайық сатып алдық. Миссиямыз орындалды. Моторлы қайықты Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігіне тапсырдық», – деді Амандық Әмірхамзин.

Бұл игі істі ҚР Парламенті Мәжілісінің депутат Берік Бисенғалиев те қолдап, зардап шеккен елді мекендерге 2 қайық жіберді.