Сергеев су қоймасы 169% толып, су бөгет шыңынан 3 метр 60 см асты

Солтүстік Қазақстан облысында жағдай әлі де күрделі. Есіл ауданында су тасқынының екінші толқыны өтіп жатыр. Покровка ауылының гидробекетіндегі су деңгейі 27 см, Новоникольское – 29 см өскен.

«Үйлерді су басудың жаңа жағдайлары тіркелген жоқ. Бірінші толқынның суы кетіп жатыр, Қазгидромет мамандарының болжамынша екінші толқында бұдан артық су келмейді, яғни бірінші толқындағыдай салдары болмайды. Су тасқыны жағдайына тұрақты мониторинг жүргізілуде», — деді СҚО ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев ОКҚ алаңында өткен брифингте.