Марат Ахметжанов Оразақ ауылындағы бөгеттің жағдайын тексерді

Оразақ ауылында қорғаныс бөгетін нығайту жұмыстары жүргізілуде, онда эрозияға ұшырау қаупімен байланысты Ынтымақ және Сарқырама су қоймаларынан су ағызу кезінде елді мекенді су басу қаупі бар. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Целиноград ауданына жұмыс сапары барысында белгілі болды.

Өңір басшысы жағдайды және орындалған жұмыс көлемін бағалап, бөгет бойымен жеке өзі жүріп өтті.

«Мамандардың есептеуінше, қазіргі уақытта су көлемі 1 миллиард 200 миллион текше метрді құрайды. Бұл су Қарағанды жақтан Нұра өзені арқылы келеді. Қазіргі уақытта ондағы су деңгейі төмендеп, жағдай тұрақталды. Енді көп су күтілмейді «, — деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, 10 сәуірден бастап бүгінгі күнге дейін Оразақ ауылында 20 мың қап құм төселді, бұл 200 метр бөгетті нығайтуға мүмкіндік берді. Жұмыстарға жергілікті билік органдары мен облыстық ТЖД ресурстары жұмылдырылған.

Облыс әкімі Марат Ахметжанов құтқарушылар мен ауыл тұрғындарына атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді.

«Бірліктің жарқын үлгісін көрсетіп, осындай сыны сағатта көмекке келгендердің барлығына алғыс айтамын. Өңірдегі су тасқыны кезеңі аяқталуға жақын, болашақта мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін тиісті іс-шаралар мен бағдарламалар қабылданады «, — деді М. Ахметжанов тұрғындармен кездесуінде.

Айта кетейік, аталған учаскедегі су тасқынына қарсы іс-шараларға жергілікті әкімдік пен ТЖ өкілдерінен басқа 100-ден астам еріктілер мен Мемлекеттік күзет қызметінен 70 адам тартылды.