Экстремизмге күдіктілер Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде ұсталды

17 сәуірде Қазақстанның үш өңірінде елде тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысуға күдіктілер ұсталды, деп хабарлады ҰҚК.

Алматыда, Алматы және Жамбыл облыстарында жедел уәкілдер төрт адамды ұстады. Олардың барлығы Қазақстан азаматтары, екеуінің экстремистік баптар бойынша соттылығы бар.

Күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілді. Осы іс-шаралар барысында қауіпсіздік қызметкерлері заттай дәлелдемелерді, соның ішінде көптеген діни әдебиеттерді тәркіледі.

«Сот ұсталғандарға қатысты бұлтартпау шарасын сайлау туралы мәселені шешуде», – деп атап өтті арнайы қызметте.