«Алматы-Екатеринбор» трассасында жол апатынан 3 адам көз жұмды

Ақмола облысы аумағында «Алматы-Екатеринбор» трассасында екі көлік соқтығысып, 3 адам көз жұмды. 

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 30 сәуірде «Алматы-Екатеринбор» тас жолының 1201 шақырымында Тасты және Қараменді батыр ауылдары арасында болған.

Анықталғандай, «Audi A6» жеңіл көлігімен «ГАЗель» соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің 35 жастағы жүргізушісі мен екі жолаушысы алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

«Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345 бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынған. Сонымен бірге тиісті сараптамалар тағайындалды», — деп түсіндірді ведомстводан.

Фото: Pixabay