Шымкентте 11 жасар қыз 3 қабаттан құлап кетті

Оқиға қараусыз қалған «Шымкент гидролиз зауыты» аумағында болды.

Ойнап жүрген жеткіншек 5 қабатты ғимараттың 3-ші қабатынан құлап кеткен.

Оқиға орнына жедел жеткен төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері алғашқы медициналық қызмет көрсетті.

Ал, жедел жәрдем қызметкерлері келген соң, қызды «ашық аяқ сынығы» диагнозымен ауруханаға алып кетті.

«Шымкент қаласы ТЖД қала тұрғындарына балаларды қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді!» — делінген департаменттің қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі