Қырғызстанда TikTok жабылады

 

Қырғызстанның барлық интернет-провайдерлері Қырғыз Республикасының сандық даму министрлігі жанындағы байланыс саласындағы реттеу және қадағалау қызметінен ресми хабарлама алды.

«Шешім шығаруға TikTok тарапынан «Балалардың денсаулығына, олардың физикалық, интеллектуалдық, психикалық, рухани және адамгершілік дамуына зиян келтірудің алдын алу шаралары туралы» КР заңын сақтамау негіз болды. Заңда балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпарат түрлері айқындалған «, — делінген ресми хабарламада.