Арман Шамшин Алматының Алмалы ауданының әкімі болып тағайындалды

Алматы қаласы әкімінің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігі және Алматы қаласы мәслихатының келісімі бойынша Алмалы ауданының әкімі болып Арман Шамшин тағайындалды.

Арман Шамшин 1986 жылы дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін (экономика факультеті), Пекин университетін (әлеуметтану) бітірген. Nazarbayev University Жоғары бизнес мектебінің басшылары үшін іскерлік әкімшілендіру магистрі (Executive MBA) дәрежесіне ие.

Еңбек жолын 2011 жылы бастаған. Әр жылдары мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда бірқатар басшылық қызметтер атқарған. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде кеңесші болып жұмыс істеді, «НУХ „Бәйтерек“ АҚ басқарушы директоры қызметін атқарды.

Қытай, ағылшын және түрік тілдерін жетік біледі.

2022 жылдың шілдесінен бастап бүгінге дейін «Алматы ӘКК» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Фото: Алматы қаласы әкімдігі