Министр Шыңғыс Әрінов СҚО тұрғындарын уақытылы эвакуациялауды тапсырды

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Батыс Қазақстан облысынан Солтүстік Қазақстан облысына барды.

Ведомство мәліметі бойынша, министр жұмыс сапары барысында Петропавл маңындағы су басқан елді мекендерді аралап көрді. Жергілікті тұрғындарды уақытылы эвакуациялауды белсенді түрде жүргізуді тапсырды.